Skip to content

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

Соц.сети
Талапкерге

Құрметті достар, біз сіздерді ҚӨУ А. Байтұрсынұлы атындағы жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында қарсы алуға қуаныштымыз!

Сіздің алдыңызда  өміріңіздегі ең маңызды кезеңдердің бірі, болашақта ересек өмірге платформа болатын болашақ мамандықты таңдау.

Педагогикалық білім беруді таңдағанда, сіз әрқашан сұранысқа ие боласыз.

Жаратылыстану пәндері кафедрасының басты басымдығы нарық талаптары мен қарқынды дамып келе жатқан өндіріске негізделген мамандарды даярлаудың жоғары сапасы болып табылады.

Бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары жұмыс берушілер мен білім алушыларды тарта отырып әзірленеді.

Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында профессор-оқытушылар құрамы студенттерді ғылыми-зерттеу жобаларына тарта отырып, жаңа мамандандырылған бағдарламалық технологияларды пайдалана отырып оқытады.

Кафедрада білім берудің екі деңгейі бар: бакалавриат және магистратура. Мамандарды оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Білім беру бағдарламалары - 6В01504 Химия,
6В01511 Химия-Биология

Берілетін академиялық дәреже -«6В01504 Химия»; «6В01511 Химия Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметтің келесі салаларында жұмыс істей алады:

  • педагогикалық – жалпы және орта кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік материалдарын дайындау, сонымен бірге теориялық және зертханалық сабақтарды өткізу.
  • ғылыми-зерттеу – ғылыми қызметте қосалқы кəсіби функцияларды орындау (зерттеу объектілерін дайындау, техникалық құралдарды жəне сынақ əдістерін таңдау, ұсынылған әдісті пайдалана отырып, эксперименталды зерттеулер жүргізу, эксперименталды нәтижелерді өңдеу, орындалған жұмыстар бойынша есеп дайындау);
  • өндірістік-технологиялық – химиямен байланысты экономикалық салалардағы кəсіби функцияларды орындау (жоғары технологиялық химиялық жабдықты басқару, ақпараттық жүйелермен жұмыс, орындалған жұмыстар бойынша есептер дайындау);
  • ұйымдастыру-басқармалық – химиялық бағыттағы нақты өндірістік және технологиялық мәселелерді шешу үшін құрылымдық бөлімшенің (кішігірім еңбек ұжымының) жұмысын жоспарлау.

Қабылдау үшін:

  • Бейіндік пәндер ҰБТ: Химия және Биология
  • Баллдан бастап: 75

Білім беру бағдарламалары - 6В01505 Биология,
6В01512 Биология-Химия

Берілетін академиялық дәреже - «6В01505 Биология»; «6В01512 Биология– Химия» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметтің келесі салаларында жұмыс істей алады:

  • білім беру – мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде биология мұғалімі;
  • ғылыми-зерттеу – профильді пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
  • өндірістік-басқару-әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім бөлімдері, әкімдіктер, биологиялық және химиялық бағыттағы зертханалар және т. б.);
  • ұйымдастыру-технологиялық - биологиялық профилді өндірістерде.

Қабылдау үшін:

  • Бейіндік пәндер ҰБТ: Биология және Химия
  • Баллдан бастап: 75

Білім беру бағдарламалары - 6B01506 География,
6В01513 География-Биология

Берілетін академиялық дәреже - «6B01506 География»;«6В01513 География-Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметтің келесі салаларында жұмыс істей алады:

  • білім беру – мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде география мұғалімі;
  • ғылыми-зерттеу – академиялық институттар мен жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу;
  • өндірістік-табиғи ортаны бақылау жүйелерінде инженерлер, табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлері, туристік-өлкетану және экологиялық мекемелерде және т. б.;
  • ұйымдастырушылық-технологиялық-өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде және т. б.

Қабылдау үшін:

  • Бейіндік пәндер ҰБТ: География және Дүниежүзі тарихы
  • Баллдан бастап: 75

Құрметті талапкерлер. Егер сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, біз сізді күтеміз:
 Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118, 712 кабинет

Телефон: 54-24-09 ішкі. 222 (кафедра)