Skip to content

Физика, математика және цифрлық технология кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Радченко Татьяна Александровна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісі Лауазымы
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі Академиялық дәрежесі
tanya_rad81chen@mail.ru Электрондық пошта

Кафедра Қостанай екі жылдық мұғалімдер институтының 1939 жылында құрылған күнінен бастап жұмыс істейді. Кафедра физика, математика, информатика пәндерінің мұғалімдері мен педагогтерін даярлайды және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің құрылымдық бірлігі болып табылады.

Кафедраның мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, білім беру тұтынушыларын заманауи білім беру стандарттарына сәйкес қызметтермен қамтамасыз ететін деңгейде оқу, ғылыми және тәрбие қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Бакалаврлар мен магистранттарды даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыру оқытылатын пәндер бейініне сәйкес келетін базалық білімі бар және ғылыми мен ғылыми-әдістемелік қызметпен жүйелі түрде айналысатын педагог кадрлармен қамтамасыз етіледі.

ПОҚ біліктілігін арттыру аясында кафедра оқытушылары ел ішінде де, шетелде де оқытудан өтеді. Оқытушылар біліктілікті арттыруды алыс шетелдерден және басқа да ұйымдардан шақырылған ғалымдардың семинарларына қатысу арқылы жүзеге асырады. Кафедра қызметкерлері жоғары импакт-факторлы журналдарға мақалалар дайындау және жариялау жұмыстарын жалғастырды.

Кафедра түлектері оқудан кейін әрқашанда талап етіледі және тек мектеп, колледж, ЖОО оқытушылары ретінде ғана емес, сонымен қатар республикада және шетелде көптеген өндіріс салаларында жұмыс істейді.

2017 жылы Қостанай облысының «Жастардың алтын кітабына» енген 11 лауреат қатарында біздің екі түлегіміз бар: Әміржан Жұмабеков, «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 3 мектеп-гимназиясы» КММ директорының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары, Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы, «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының директоры (мемлекеттік тілдегі «Жайдарман» КВН Лигасы).

Кафедра ұжымы және оның қызметкерлері жемісті жұмысы, педагогикалық қызметі, іске шығармашылық көзқарасы, жоғары кәсібилігі үшін бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталды.

Соңғы 5 жылда ПОҚ қатарынан «Университетті дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (Телегина О.С., Радченко Т.А., Радченко П.Н., Демина Н.Ф.), ҚР БҒМ құрмет грамоталарымен (Қасымова А.Г., Телегина О.С., Радченко Т.А., Радченко П.Н.), ректордың алғыс хаттарымен (Ерсұлтанова З.С., Телегина О.С., Радченко П.Н.) марапатталды. Қызметкерлердің жоғары кәсібилігі университеттің Құрмет кітабына енгізілуімен атап өтілді (Демина Н.Ф.).