Skip to content

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасы

Соц.сети
Талапкерге

Құрметті достар, біз Сізді дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасында қарсы алғанымызға қуаныштымыз!

Дене шынықтыру, спорт және туризм әрдайым мемлекет үшін басым және болашақ мансапты құру үшін перспективалы бағыттар болып саналды.

Неге біз?

  • кафедраның 56 жылдық тарихы бар;
  • осы жылдар ішінде 3500-ден астам маман даярланды;
  • түлектер Қазақстанда және шетелде табысты еңбек етуде;
  • біздің студенттеріміздің ірі шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарында 1 семестрде білім алу мүмкіндігі бар;
  • «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері ірі түрік қонақ үйлерінде 6 айлық ақылы практикадан өте алады.

 6B01401 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы

Біздің түлек кім болып жұмыс істей алады?

  • Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі, мектеп және орта-арнайы білім беру ұйымдарында дене шынықтыру маманы (дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, спорт нұсқаушысы).
  • Мектепке дейінгі дамыту кешенінде, оқушылар сарайында, жас туристер станциясында, балалар аула клубында, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінде және т.б. спорт нұсқаушысы/жаттықтырушы/әдіскер
  • Дене шынықтыру-спорт қызметін реттеу және дамыту мемлекеттік және жеке мекемесінде маман (әкімдік, спорт басқармасы және т.б.).

Оқуға түсу үшін:

  • ҰБТ-ның бейінді пәндері: Оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық.
  • 2 шығармашылық емтихан (жалпы дене дайындығы және спорт түрі бойынша емтихан)
  • Өту балы: 75

6B01409 Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру білім беру бағдарламасы

Біздің түлек кім болып жұмыс істей алады?

  • Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі, мектеп және орта-арнайы білім беру ұйымдарында дене шынықтыру маманы (дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, спорт нұсқаушысы).
  • Білім беру ұйымдарындағы бастапқы әскери даярлық жөніндегі маман (БӘД мұғалімі және т.б.)
  • Мектепке дейінгі дамыту кешенінде, оқушылар сарайында, жас туристер станциясында, балалар аула клубында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінде және т.б. спорт нұсқаушысы;
  • Дене шынықтыру-спорт қызметін реттеу және дамыту мемлекеттік және жеке мекемесінде маман (әкімдік, спорт басқармасы және т.б.).

Оқуға түсу үшін:

  • ҰБТ-ның бейінді пәндері: Оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық.
  • 2 шығармашылық емтихан (жалпы дене дайындығы және спорттық ойындар бойынша емтихан)
  • Өту балы: 75

6B11101 Туризм білім беру бағдарламасы 

Біздің түлек кім болып жұмыс істей алады?

  • Туристік фирмалар (туристік агенттіктің менеджері және туроперейтинг және демалысты ұйымдастыру саласындағы маман, авиа және темір жол билеттерін брондау жөніндегі оператор)
  • Қонақ үй-мейрамхана кешендеріндегі түрлі деңгейдегі менеджерлер (брондау жөніндегі менеджер, әкімші, консьерж және т.б.)
  • Экскурсия жүргізуші
  • Спорттық туризм жөніндегі нұсқаушы/белсенді және экстремалды турларды ұйымдастыру жөніндегі маман
  • Event-менеджер

Оқуға түсу үшін:

  • ҰБТ-ның бейінді пәндері: География және Шет тілі
  • Өту балы: 50

Егер Сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, біз Сізді мына мекен-жай бойынша күтеміз:
Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, № 603 кабинет

Қабылдау комиссиясының телефоны:  8 (7142) 54 28 49

Кафедра меңгерушісі Сафаргалиева Гүлфия Надимовна 8-702-542 -87-39