Кафедра 1968 жылы Спорттық пәндер кафедрасы атауымен құрылған. Қазіргі таңда ол Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасы деп аталады.
Оқытушылар құрамына кіреді:
- Ұлттық, жоғарғы және халықаралық дәрежедегі төрешілер: Қуамбаев З.Н., Комаров О.Ю., Ибраева Р.Ж., Шилов И.А., Сивохин И.П.
- Қазақстан Республикасының туризм саласындағы еңбек сіңірген инструкторы: Огийенко И.В.
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары (2 адам).
- Жоғарғы санатты жаттықтырушылар (2 адам).
- Қазақстан Республикасының спорт қайраткері.
Көптеген оқытушылар мемлекеттік марапаттарға ие:
- Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін;
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға сіңірген еңбегі үшін;
- ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Құрмет белгісі;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Қостанай облысы әкімдігінің грамоталары.
Ынтымақтастық:
Кафедра Қостанай облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту, мұғалімдер мен ДЮСШ жаттықтырушыларын біліктілігін арттыру мәселелері бойынша Аймақтық дене шынықтыру орталығы және Олимпиадалық дайындық орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Туризм кадрларын даярлау бағытында Қостанай облысының және республиканың жетекші туристік компанияларымен ынтымақтастық орнатылған.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
- Оқуға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- Болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал ету;
- Құқықтық мәдениетті арттыру;
- Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- Студенттердің шығармашылық қабілеттерін және ұжымшылдығын дамыту.
Ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттары:
- Студент жастардың дене тәрбиесі мен спорттық даярлығын жетілдіру;
- Туризм индустриясын дамытудағы инновациялық технологиялар.
Соңғы жылдары 100-ден астам ғылыми мақала, конференция тезистері және әдістемелік ұсынымдар жарияланды. Осы тақырып бойынша ғылыми зерттеулер негізінде 2009 жылы докторлық диссертация қорғалды: «Жаттығу қызметін кешенді бақылау негізінде жоғары білікті ауыр атлеттерді даярлауды басқару» (Сивохин И.П.).