А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың педагогикал факультетінде 1991 жылы музыка кафедрасы құрылып, онда «Музыка және ән өнері» мамандығы бойынша мамандар дайындалды. 1993 жылы кафедра музыка факультетіне айналды. Алғашқы декан Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Х.М.Мұқанов болды (1991-1996). Кейін музыка факультетін Құрманғазы атыдағы Алматы мемлекеттік консерватория түлегі п.ғ.к., доцент Жақаева С.А. (1996-2009) басқарды.
2002 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы ашылуымен факультет Өнер факультеті болып аталды Құрамында музыкалық аспаптар мен теория және өнер тарихы кафедралары болды. 2010 жылы екі кафедра бірігуі нәтижесінде «Өнер» кафедрасы құрылып, кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Сапиева М.С. болды (2010-2020).
2020 жылы кафедра меңгерушісі лауазымында педагогика магистрі Айсина С.Т. тағайындалды. Кафедра оқытушылары ынтымақтастығы арқасында 2021-2022 оқу жылы «Тынығу» бағыты бойынша білім беруге лицензия алды.
Қазіргі уақытта кафедра «Актерлік өнер және театрландырылған қойылымдарды ұйымдастыру», «Хореографиялық қойылымдағы мәдени-тынығу жұмыстары», «Бейнелеу өнері, көркемдік еңбек, графика және дизайн», «Музыкалық білім» бағыттары бойынша жұмыс жасайды.
Өнер кафедрасы музыкалық және көркемдік білім берудің негізгі принциптері негізінде мамандарды мемлекеттік және орыс тілінде оқытады. Кафедра білім беру бағдарламасы пәндері базалық білімі бар, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмысмен айналысатын профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілген.
Өнер кафедрасы аспаппен жабдықталған арнайы кабинет, хореографиялық сынып, музыкалық зертхана, костюмдер кабинеті және мерекелік костюмдер мен атрибуттарды пішіп - тігуге арналған тігін сыныбымен жабдықталған. 2020 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Н.Молдахметов пен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері А.Әмірханов атындағы дәрісхана ашылды.
Кафедра ғылыми-әдістемелік және ғылыми байланысты дамытып, нығайту мақсатында Челябі мемлекеттік мәдениет институтымен (Челябі қ.) халықаралық ғылыми-әдістемелік және шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім жасады.
Кафедра сонымен қатар бірқатар облыстық, республикалық, ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарымен шығармашылық байланыстар жүргізеді. Атап айтқанда: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы), Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты. (Арқалық),Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті (Челябі). І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры, облыстық орыс театры, облыстық қуыршақ театры, «Мирас» қалалық мәдениет үйімен меморандум жасалды.
«Өнер» кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамы республика мен шетелдерде біліктілігін арттырып отырады. Ұстаздар қауымы шетелден шақырылған ғылыми семинар, шеберлік сабақ, дөңгелек үстел және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, түрлі ғылыми журналдарда мақала жариялап біліктілігін арттыруда.
Өнер кафедрасы мамандарды дайындау бойынша одан әрі жұмысын жалғастыруда. Студенттер оқу барысында негізгі музыкалық аспапта ойнаумен (фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз), хор дирижері, вокал дағдыларын қалыптастырады.
Кафедрада 15 оқытушы: п.ғ.к. Жакаева С.А.; мәдениет қайраткерлері Шамбетов Б.Р., Супатаева А.И.; аға оқытушылар, педагогика магистрлері: Айсина С.Т., Задорожная С.Н., Амирхамзин Н.К., Архипова К.Г., Бабич С.С., Артемьева Е.В., Жакаева К.А., Есмағанбетова Ш.К., Жусупова Д.Ж., оқытушылар: Хизбулаева Э.В., Сумамбаева С.А., Сыздыков А.А. жұмыс жасайды.
Кафедра оқу-тәрбие жұмысымен бірге оқытушылар мен студенттер концерттік және қойылымдық іс-шараларға белсенді қатысады. Тәжірибелік базалармен тығыз байланыс студенттерге қалалық және облыстық ауқымдағы іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Кафедра мақсаты – өнер және мәдениет саласында жоғары білікті кадрларды сапалы дайындау.
Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамы бірнеше рет білім саласындағы жемісті еңбегі, жоғары кәсіби шығармашылығы мен орындаушылық қызметі, түрлі студенттік республикалық және халықаралық байқауларда жүлдегерлерді дайындағаны үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталған.«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атағы (2000), төс белгісінің иегері. Ы.Алтынсарина (2011) «Қазақстан Республикасы мәдениет үздігі» (2021), педагогика ғылымдары кандидаты, кафедра доценті Жақаева С.А., «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Аға оқытушы Шамбетов Б.Р., «ҚМПИ-ге 75 жыл» төсбелгісімен: аға оқытушы Айсина С.Т., Жакаева К.А., Задорожная С.Н., Акбужурова С.Ж., Есмағанбетова Ш.К., Жусупова Д.Ж., Бабич С.С., концертмейстер Ислямова Л.С. «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен: аға оқытушы Айсина С.А., Задорожная С.Н.
Кафедра студенттері Қазақстан Республикасы халықаралық конкурс, фестиваль, хор байқауларына (Алматы), ЖОО студенттері байқауына (Қарағанды), Халықаралық фестивальге (Астана) қатысып, жүлделі орындарды иеленді.