ФМжЦТ кафедрасы «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға болашақ педагогтердің дайындығын қалыптастыру» 2020-2023 жылдар аралығында гранттық жобасымен жұмыс істейді (жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Шумейко Т.С., зерттеу тобының мүшелері магистрлер Даулетбаева Г.Б., Жарлыкасов Б.Ж.).
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қолданыстағы ғылыми тақырыптар мен жеке зерттеулер аясында жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізеді; халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда мақұлданады, ғылыми-практикалық журналдарда және ғылыми еңбектер жинақтарында жарияланады.
Кафедра мүшелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша (докторант, ФМжЦТ кафедрасының ПОҚ Мәуленов К.) Web of Knowledge, Thomson Reuters, Springer, Scopus дерекқорларында индекстелген импакт-факторлы журналдарда мақала жарияланды.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы
Студенттер республикалық, өңірлік студенттік ғылыми-практикалық жұмыстар конкурстарына, студенттік ғылыми-практикалық конференцияларына, конкурстарына, жобаларына, дебаттарына, стартап-жобаларды қолдау жөніндегі республикалық, өңірлік іс-шараларына белсенді қатысады.