Skip to content

Физика, математика және цифрлық технология кафедрасы

Соц.сети
Кәсіби практика

Практика түрлері:

  • оқу;
  • педагогикалық;
  • өндірістік.

Практика  базалары

Студенттер Қостанай қаласының, облыстың және республиканың білім беру мекемелері базасында оқу, педагогикалық және өндірістік практикадан өтеді, олардың ішінде:

  • «А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өнірлік университеті» КЕАҚ;
  • Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
  • «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ;
  • «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ.

Өндірістік практика кәсіптік қызмет түріне сәйкес өндірістік қызметті зерделеу, негізгі өндірістік процестерді орындау бойынша тәжірибе жинақтау, студенттерді кәсіпорындар мен ұйымдарда білікті мамандар ретінде бейімдеу мақсатында жүзеге асырылады.

Кафедра филиалдары:

  • Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ««Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ.

Кафедра филиалдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру формалары:

  • кәсіпорын негізіндегі практикалық және зертханалық сабақтар;
  • оқу процесін ұйымдастырудың аудиториядан тыс нысандары: студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, кәсіби практика және т.б.;
  • кәсіпорын өкілдерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер;
  • болашақ мамандарға жұмыс берушілердің тілектерін есепке алу мақсатында оқу жоспарларын, жұмыс бағдарламаларын және басқа да оқу-нормативтік құжаттарды алқалы түрде талқылау.