Кафедра оқу процесін табысты жүзеге асыру үшін жақсы материалдық базасымен және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуімен жабдықталған. Институт студенттерінің қарамағында оқу зертханалары, Интернетке қосылған компьютерлік сыныптар, мультимедиа жабдығы бар мамандандырылған аудиториялар бар.
Робототехника зертханасы
Зертхана 10 Robotics Advanced Fischertechnik робототехникалық жиынтығымен, 10 ресурстық жиынтықпен, 2 «Базалық» Роботрек жиынтығымен, Arduino эксперименттері мен робототехникалық жобаларына арналған 10 жиынтықпен, 3D принтерімен E12 Anet, 6 моноблоктармен, JL-K3020 материалдарын кесуге және өңдеуге арналған СББ құрылғысымен, ACHI IR-6500 инфрақызыл дәнекерлеуіш станциясымен, Saike-852D++ баламалы-сандық басқару дәнекерлеуіш станциясымен, микросхемаларды дәнекерлеуге арналған микроскоппен, Utd2052cl 50 МГц сандық осциллографпен және басқа құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Механика және молекулалық физиканың зертханасы
Студенттер «Механика» және «Молекулалық физика және термодинамика» пәндері бойынша сабақтар аясында механикалық және жылу процестерін оқытудың әдістері мен тәсілдерін меңгереді.
Оптика, электр және магнетизм зертханасы
Студенттер «Электр және магнетизм» мен «Оптика» пәндері бойынша сабақтар аясында оптикалық және электромагниттік құбылыстарды, оптикалық жүйелер арқылы суреттер алуды зерттейді.
Физиканы оқыту әдістемесі және мектептегі физикалық эксперимент техникасының зертханасы
Зертхана жабдығы студенттерге «Физиканы оқыту әдістемесі», «Мектеп экспериментінің техникасы», «Оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері» пәндері аясында және педагогикалық пен кәсіптік практикаларға дайындық кезінде мектептегі физикалық экспериментті жобалау, жүргізу және бағалау ерекшеліктерін зерделеуге мүмкіндік береді.
Атомдық физика және радиоэлектрониканың зертханасы
Зертхана «Атом, атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы» пәні аясында микромир құбылыстарын зерттеуге, сондай-ақ «Радиоэлектроника» пәні аясында электрондық аспаптар мен схемалардың жұмысын зерттеуге арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Физиканың компьютерлік әдістері зертханасы
Зертхананың жабдығы жалпы физика курсының пәндері, «Физиканы оқыту әдістемесі», «Оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері» пәндер бойынша, сондай-ақ педагогикалық, кәсіптік және дипломалды практикадан өту кезінде виртуалды физикалық эксперимент жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.
Робототехника, электроника және автоматиканың зертханасы
Зертханада «Робототехника негіздері», «Arduino тілінде бағдарламалау», «Схемотехника» пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.
Laboratory Information and Communication Technologies
Зертхана Erasmus+ жобасын іске асыру барысында құрылған. Ол заманауи компьютерлермен, дидактикалық материалдармен жабдықталған, қайсылары Information and Communication Technologies пәнді (ағылш. тілінде) жоғары әдістемелік деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.