Skip to content

Физика, математика және цифрлық технология кафедрасы

Соц.сети
Талапкерге

Құрметті талапкерлер!

Сапалы білім алуға және, қызықты оқиғаларға толы қызықты студенттік өмірге қош келдіңіз!

Неліктен біз?

  1. Сіз оңай тегін оқи аласыз. Жыл сайын ББ үшін білім гранттары бөлінеді.
  2. Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға болады.
  3. Арманыңыздағы жұмысқа міндетті түрде қол жеткізесіз. Жұмыс беруші сіздің мемлекет мойындаған дипломыңызға артықшылық береді.
  4. Оқуыңызды жалғастырып, ғылыми дәреже аласыз. Университет магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

Білім беру бағдарламаларының айрықша ерекшеліктері:

  • «6В01510-Информатика, робототехника және жобалау»: Python, C++, Java және операциялық жүйелердің заманауи бағдарламалау тілдерін зерттеу, компьютерлік жүйелер мен желілерді ұйымдастыру, компьютерлік графиканы, веб және мобильді бағдарламаларды, мәліметтер базасын және білімді басқаруды пайдалана отырып, Smart қосымшаларды әзірлеу.
  • «6В01501-Математика»: Алгебралық есептерді шешу практикумы.   Математикалық  талдау. Дифференциалдық теңдеулер.  Аналитикалық геометрия.  Алгебра және сандар теориясы. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Дискретті математика және математикалық логика.  Олимпиадалық есептерді шешу. Планиметриялық және стереометриялық есептерді шешу. Логикалық есептерді шешу. Дифференциалдық геометрия.
  • «6В01502-Физика»: жалпы және теориялық физика курстарын, математикалық пәндер блогын, астрономияны дәйекті зерттеу; мектептерде физиканы оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын, және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту ерекшеліктерін зерттеу.

Бұл бағдарламалардың түлектері кім болып жұмыс істей алады?

  • жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, сондай-ақ колледждердің, орта кәсіптік лицейлердің және т.б. оқытушылары ретінде;
  • ғылыми орталықтардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы, мемлекеттік басқару ұйымдарындағы, компьютерлік дизайн, робототехника саласындағы мамандары, білім беру ұйымдарындағы әдіскерлер және мамандар ретінде.

 «6B01510-Информатика, робототехника және жобалау» ББ-ға қабылдау үшін: 

  • Бейіндік пәндер ҰБТ: Математика және Информатика
  • Өту баллы: 75

 «6В01501-Математика», «6В01502-Физика» ББ-ға қабылдау үшін:

  • Бейіндік пәндер ҰБТ: Математика және Физика
  • Өту баллы: 75

Құрметті талапкерлер – беделді білім алуға, кәсіби дағдылар мен құзыреттерге ие болуға, тұрақты мансаптық өсуді қамтамасыз етуге мүдделі барлық адамдар, біз сіздерді күтеміз және сіздің мақсаттарыңызға жету үшін кафедра барлық жағдайды жасағанына сендіреміз.

IT-білім – болашаққа қадам. Дұрыс таңдау жасаңыз!

Біздің байланыстарымыз:
Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 118, 419 каб (бөлім)

Телефон: +7 705 403 5386

Instagram: kafedra_mif

E-mail: radchenko.ta@ksu.edu.kz