Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы білім беру бағдарламаларының қазақ және орыс бөлімдерінің жұмыс оқу жоспары мен академиялық күнтізбесіне сәйкес кәсіптік практикалардың жетекшілігін жүзеге асырады:
- 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»;
- 6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»;
- 6В01202 «Мектепке дейінгі білім беру (IP)»;
- 6В01302 «Бастауыш білім беру (IP)»/
Студенттер оқу, психологиялық-педагогикалық, педагогикалық және өндірістік практикалардан келесі ұйымдарда өтеді:
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №13 бөбекжайы» КМҚК;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №61 бөбекжай-бақшасы» КМҚК;
- «Әйгерім-ай мектеп бала-бақшасы» ЖШС;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «Физика-математика лицейі» КММ;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№5А мектеп-гимназиясы» КММ;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназия» КММ.
Практика жетекшісі бекіту және қорытынды конференцияларды өткізеді, студенттерді білім беру ұйымдарына таратады, талаптармен таныстырады, нұсқаулықтарды, соның ішінде қауіпсіздік шараларын жүргізеді.
Білім беру ұйымындағы әдіскер практиканың барлық кезеңінде студент-практиканттың пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруға жауапты.
Практикалық база әдіскері – өткізілетін сабақтар мен тәрбиелік іс-шараларды бақылайды және талдау жасайды:
- сабақтар мен іс-шараларды жоспарлау және әзірлеуде әдістемелік көмек көрсету;
- студентті ағымдағы және перспективалық жоспарлаумен, мектепке дейінгі негізгі нормативтік құжаттамамен, мектепке дейінгі құжаттаманы жүргізу ережелерімен таныстыру;
- студент ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу кезінде көмек көрсету (қажет болған жағдайда).
Кафедра дуальды оқыту жүйесінің элементтерін енгізіп, тікелей кадрларды даярлау бейініне сәйкес ұйым негізінде теориялық оқытуды өндірістік оқытумен ұштастыру негізінде оқу іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруда.