Skip to content

Педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Калимжанова Роза Лаиковна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісінің м. а. Лауазымы
PhD Докторы Ғылыми дәрежесі
М.а. қауымдастырылған профессор Ғылыми атағы
kafedra_ped_psih_so@ksu.edu.kz Электрондық пошта

Педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасы 2023 жылдың қыркүйегінде қайта құрылды және А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының құрылымдық бірлігі болып табылады.

Кафедраның мақсаты-білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, түлек моделіне сәйкес білім берудің стандарттары негізінде болашақ педагогтарды кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта кафедра 6В01902-Арнайы педагогика, 6В01101-Педагогика және психология және магистратура 7М01101 - Педагогика және психология бакалавриатының білім беру бағдарламалары бойынша түлектерді дайындайды.

Кафедра оқу және ғылыми-әдістемелік функцияларды орындайды, сондай-ақ ЖОО-дағы бір қатар инновациялық процестерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. 

Кафедраның ғылыми және әдістемелік әлеуеті өзін-өзі жетілдірудің оң нәтижелері мен перспективаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кафедраның ғылыми әдістемелік тақырыбы профессорлық-оқытушылық құрамының жеке жұмыс жоспарларында көрініс табатын «қазіргі мектеп жағдайында білім беру үдерісі субъектілерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің форматтары мен технологиялары». Кафедраның кадрлық құрамы педагогикалық институт қызметінің негізгі бағыттары бойынша міндеттерді нәтижелі шешуге мүмкіндік береді.

Оқытушылар Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесін өзгертуге және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын - 100 жаңа кітапты жүзеге асыруға байланысты барлық бастамаларға белсенді қатысады, НЗМ ААҚ «Педагогикалық шеберлік орталығымен», Қазақстан Республикасы білім министрлігі, Облыстық білім басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Педагогика және психология кафедрасы көптеген жылдар бойы бірқатар облыстық, республикалық, ресейлік ғылыми мекемелермен және жоғары оқу орындарымен шығармашылық байланыста болд. Атап айтар болсақ: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университеті, М.Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік университеті, Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябі), Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті (Челябі), Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті, Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университеті (Мәскеу облысы), Дубчека атындағыТренчинск университеті (Словакия).

Профессорлық оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру шеңберінде педагогика және психология кафедрасының оқытушылары ел ішінде де, шетелде де білім алады. Мұғалімдер біліктілікті арттыруды алыс шетелден және басқа ұйымдардан шақырылған ғалымдардың семинарларына қатысу арқылы жүзеге асырады. Кафедра қызметкерлері импакт-факторы жоғары журналдарда мақалалар дайындау және жариялау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Педагогика, психология  және арнайы білім беру кафедрасында ғылыми проблемалық топтар жұмыс істейді. Жыл сайын «Алтынсарин оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі, тәжірибелі педагогтар мен педагог-психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен, студенттер мен магистранттар психология және педагогика сонымен қатар арнайы педагогика саласындағы республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады.

6В011-Педагогика ғылымдары бағытындағы студенттер үшін арнайы «Педагогика және психология: студенттік жастардың көзқарасы» атты ғылыми-студенттік конференция ұйымдастырылады.

Кафедраның материалдық қамтамасыз етілуі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді.

Практикалық сабақтарды, практикумдарды, педагогикалық және өндірістік практиканы жүргізу үшін білім, ғылым мен өндірістің интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында кафедраға Қостанай қаласы мен Қостанай облысының арнайы жалпы білім беру ұйымдары мен мекемелері жүйесінде жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар тартылады.

Кафедрада «Жылы жүрек» еріктілер клубы белсенді жұмыс істейді-бұл 1-3 курс студенттерінен тұратын үлкен еріктілер тобы. Клуб жұмысының негізгі бағыты тәжірибеге бағытталған және болашақ мамандықпен тікелей байланысты, бұл үлкен практикалық маңызы бар.