Skip to content

Өнер кафедрасы

Соц.сети
Шамбетов Баатырбек Рысқұлұлы
Аға оқытушы Лауазымы
baatyr@list.ru Электрондық пошта

Білім

  • 1995-1999 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтына түсіп, актер мамандығын үздік дипломмен бітіріп шықты.
  • 2009-2012 жылдары Қырғыз мемлекеттік Искусство институтынын режиссура бөлімін, режиссер мамандығы бойынша тамамдады.

Оқытылатын пәндер

  • Актерлік шеберлік негіздері
  • Сахналық қозғалыс және сахналық сөйлеу негіздері
  • Актерлік өнер
  • Актерлік белсенділіктің шеберлігі

Кәсіби біліктілікті арттыру туралы куәліктер/сертификаттар

  • 2014 жылы РФ. Санкт-Петербург мемлекеттік театр өнері академиясында біліктілін артырған.
  • 2022 жылы Қостанай. «Moodle бағдарламасында оқыту курсын жобалау» А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті.
  • 2023 жыл. Челябі қаласы. Челябі мемлекеттік мәдениет институтында біліктілін артырған.
  • 19 Маусым-27 маусым 2023 ж. Челябі мемлекеттік мәдениет институтында "театр пәндерін оқыту әдістемесі" бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру ( 72 сағат).
  • 12.10-11.11.2022 ж. "Moodle-де оқу курсын құру" семинарында оқыту (72 сағ). КРУА. Байтұрсынұлы.
  • 03.-11 қазан 2022 ж. "Moodle-дегі жұмыс негіздері. Кіріспе курс". (18 сағат) оларға. КРУ А. Байтұрсынұлы.

Марапаттар мен сыйлықтар

  • 2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің 1 дәрежелі сыйақысымен марапатталды.
  • 2010 ж. Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
  • 2010 ж. Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» (куәлік № 2045) төсбелгісімен марапатталған.
  • 2015 жылы «Мәдениетпен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісімен марапатталды.
  • 2022 жылы Қостанай облысының әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
  • 2022 жылы Халықаралық TURKSOY ұйымының «Түрк әлемі өнерінің дамуына қосқан құнды үлесі үшін» М. Әуезов атындағы төс белгісімен марапатталды.

Фестивальдегі   жетістіктері

  • 2014 жылы Қызылорда қаласында өткен С.Майқанованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде «Үздік ер бейнесі» номинациясын Софоклдың«Эдип патша» қойылымындағы Эдип бейнесімен жеңіп алды.
  • 2014 жылы Ақтау қаласында өткен І республикалық «Әбіш әлемі» театр фестивалінде Ә. Кекілбаевтің «Махаббат мұнарасы» спектаклімен қатысып «Актерлық ізденістері үшін» номинациясын.
  • 2014 жылы РФ, Екатеринбург қаласында өткен VIII халықаралық "Коляда- PLAYS" театр фестиваліне О. Жанайдаровтың "Бір, екі, үш..." драмасы мен қатысқан.
  • 2015 жылы Бішкек қаласында өткен «АРТ-ОРДО» халықаралық театр фестивалінде Н.Гогольдың «Ревизор» комедиясындағы Дуанбасы рөлі сомдап «Үздік ер бейнесі» номинациясын жеңіп алды.
  • 2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық театр фестивалінде Қ.Толыбайұлының «Дауылпаз баба — Қожаберген» спектаклімен қатысып "Режиссерлық ізденіс үшін" номинациясын.
  • 2018 жылы Р. Есдаулетов атындағы ІІ республикалық театр фестивалінеде М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» қойылымымен қатысып «Үздік спектакль» Бас жүлдесін.
  • 2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен VІ халықаралық "Балауса" экспериментальдық спектакльдер фестивалінде М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» қойылымымен қатысып «Үздік спектакль» Бас жүлдесін.
  • 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығына орай.
  • 17-20 қыркүйек күндері  Көкшетау қаласында өткен Аймақтық театрлар фестивалінде А.Чехов әңгімелерінің негізінде  сахналанған «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» қойылымы «Ең үздік қойылым» номинациясын.
  • 2022 жылы Көкшетауда мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы мен Халықаралық театр күніне орай «СӘЛЕМ» халықаралық комедиялық театр фестивалінде Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры ұжымымен байқауға К.Гольдонидің «Венециялық егіздер» комедиясымен қатысып «Үздік режиссерлік шешім» номинациясын қанжығалаған.
  • 2023 жылы Түркістан қаласында өткен Райымбек Сейтметовтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «RAIYMBEK FEST» І Республикалық театр фестивалінде Абай облысының Семей «Дариға-ай» жастар театры ұжымымен М. Байжиевтің "Оқиға" драмасымен қатысып, «Заманауи тақырыпты игергені үшін» номинациясын.
  • 2023 жылы Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған республикалық театр фестиваліне А. Тасымбековтың "А.Л.Ж.И.Р." реквиемімен қатысып "М. Өтемісұлы атындағы арнайы сыйлығымен" және "Екінші пландағы әйел бейнесі" номинацияларына ие болған.