Skip to content

Тіл және әдебиет теория кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Ахметова Бигайша Зейнулльевна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісі Лауазымы
Филология ғылымдарының кандидаты Ғылыми дәрежесі
Ассоциированный профессор (доцент ВАК РК) Ғылыми атағы
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Академиялық дәрежесі
bigajsha@mail.ru Электрондық пошта

Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының жұмысы мамандықтың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес терең теориялық және практикалық дайындығы, мықты кәсіби білімі, ікерлік пен дағдысы бар мамандарды дайындауға бағытталған.

Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы БАҚ белсенді қарым-қатынаста. Кафедра оқытушыларын теле арналар мен радиодағы әр түрлі бағдарламаларға қонақ ретінде шақырады. Кафедраның жүргізілген ғылыми және қоғамдық іс-шараларының нәтижесі Қостанай қ. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ баспаларында басылады.

Кафедрамызда мемлекеттік гранттың иелері де бар. Атап айтсақ, Республикалық «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсын ф.ғ.д., профессор А.А.Абсадықов және кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Б.З.Ахметова иеленді.

Кафедрамыздың оқытушылары: Абубакирова Г.Н. және Тулегенова Ш.И. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын «Дарын» қалалық орталығында қазақ тілінінен олимпиадаға оқушыларды дайындайды.

Жыл сайын Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы «Сауатты жазу» іс-шарасын өткізеді. «Жаппай диктант» орыс тілінде өтеді. Оған қаламыздағы ЖОО студенттері, оқушылар, мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлер қатысады.

Кафедраның оқу және білім беру қызметінің негізгі бағыты – мамандық бойынша пәндерді оқыту, кәсіби қызмет саласы білім беру, ғылым, мәдениет, баспа ісі, БАҚ, білім берудегі әкімшілік басқару және әлеуметтік – гуманитарлық іс - әрекеттің басқа да салалары болып табылатын гуманитарлық бағыттағы білікті мамандарды даярлау.

 «Филология» мамандығана шет елден ғалымдар келіп дәрістер оқиды. Ресей елінен Минненгулов Ю.Х. және Карабулатова И.С. профессорлары дәрістер оқыды. Олар тіл қарым-қатынасының мәселелері, ономастика, психолингвистика, лингвофольклор, магистранттар мен студенттерді оқытудағы мәдениетаралық қарым-қатынас этнопсихолингвистика мәселелері тақырыбында дәрістер оқып, студенттерге, магистранттарға және оқытушылар үшін кеңестер жүргізеді.