Skip to content

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасы

Соц.сети
Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мақсаты: білім алушыларды «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының рухани - адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, олардың жан-жақты өзін-өзі жүзеге асыруына және бәсекеге қабілетті тұлғаның әлеуметтік - маңызды қасиеттері мен құзыреттерін дамытуға тарту болып табылады.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары тағы бір бағытпен толықтырылады:

  • азаматтық-патриоттық тәрбие;
  • рухани-адамгершілік тәрбие;
  • мәдени-эстетикалық тәрбие;
  • кәсіби-педагогиқалық тәрбие;
  • дене тәрбиесі және cалауатты өмір салтын қалыптастыру.

Тәрбиеге осындай көзқарастың нәтижесі ретінде университет түлегінің өзгеше жеке тұлғасын қалыптастыру болады:

  • өзінің дүниетанымдық ұстанымымен, гуманистік құндылықтарымен, өмірдің барлық салаларында жоғары әлеуметтік белсенділігімен, адамгершілік мінез-құлқымен, экологиялық мәдениеттің жеткілікті деңгейімен, ұлттық санасымен;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жеке өзінің қатысуға ұмтылуы және оның жетістіктеріне деген тұрақты қажеттілігі;
  • жаңаны іздестіру қабілеттілігі, мақсаткерлігі мен іскерлігі, адалдығы мен парасаттылығы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы болуы;
  • педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды іске асыруға белсенді қатысу.

Жоспарды және көрсетілген бағдарламаларды іске асыруға студенттердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін іске асыру және бәсекеге қабілетті тұлға ретінде өзін-өзі дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған бастамашыл, дербес және жауапты көшбасшылар командасы белсенді қатысады.