Skip to content

Арнайы білім беру кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Лиходедова Людмила Николаевна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісінің м. а Лауазымы
Педагогика ғылымдарының кандидаты Ғылыми дәрежесі
l.lihodedova@mail.ru Электрондық пошта

Арнайы білім беру кафедрасы 2020 жылы қайта құрылды және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың құрылымдық бірлігі болып табылады.

Кафедраның мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, білім берудің озық стандарттары негізінде және түлек моделіне сәйкес арнайы педагогика бойынша болашақ мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.

Кафедра оқытушылары медициналық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық және арнайы-әдістемелік бағыттағы пәндер бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады. Мысалы, олардың қатарына: «Есту, көру және сөйлеу органдарының анатомиясы, физиологиясы және патологиясы», «Невропатология негіздері», «Психопатология», «Интеллектуалды бұзылулар клиникасы», «Арнайы педагогика», «Арнайы психология», «Инклюзивті білім беру», «Логопедия» және т. б. жатады.

Практикалық сабақтарды, практикумдарды өткізу, педагогикалық және өндірістік практиканы басқару үшін білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету мақсатында кафедраға Қостанай қаласы мен Қостанай облысының арнайы жалпы білім беретін ұйымдары мен мекемелері жүйесінде жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар тартылады.