Skip to content

Педагогика және психология кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Демисенова Шнар Сапаровна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісінің м. а Лауазымы
Педагогика ғылымдарының кандидаты Ғылыми дәрежесі
demisenova.shs@ksu.edu.kz Электрондық пошта

Педагогика және психология кафедрасы Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың Педагогикалық институттың жетекші құрылымдық бөлімі бола отырып, оқу және ғылыми-әдістемелік функцияларды орындайды, сонымен қатар, университеттегі бірқатар инновациялық процестерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Кафедраның ғылыми-әдістемелік әлеуеті оң нәтижелерге қол жеткізуге және өзін-өзі жетілдіру перспективаларына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кафедра білім бағдарламасы бойынша 6В01101- Педагогика және психология бакалавриаты мен 7M01101- Педагогика және психология  магистратурасының түлектерін  дайындайды.

Кафедраның «Қазіргі заманғы мектеп жағдайындағы білім беру процесі субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдаудың формалары мен технологиялары» ғылыми-әдістемелік тақырыбы,  кафедраның профессор-оқытушылар құрамының жеке жұмыс жоспарларында көрініс табады. Кафедра ұжымы педагогикалық институт қызметінің негізгі бағыттарындағы мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Оқытушылар Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесін өзгертуге және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын - 100 жаңа кітапты жүзеге асыруға байланысты барлық бастамаларға белсенді қатысады, НЗМ ААҚ «Педагогикалық шеберлік орталығымен», Қазақстан Республикасы білім министрлігі, Облыстық білім басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Педагогика және психология кафедрасы көптеген жылдар бойы бірқатар облыстық, республикалық, ресейлік ғылыми мекемелермен және жоғары оқу орындарымен шығармашылық байланыста болд. Атап айтар болсақ: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университеті, М.Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік университеті, Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Челябі), Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті (Челябі), Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті, Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университеті (Мәскеу облысы).

Профессорлық оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру шеңберінде педагогика және психология кафедрасының оқытушылары ел ішінде де, шетелде де білім алады. Мұғалімдер біліктілікті арттыруды алыс шетелден және басқа ұйымдардан шақырылған ғалымдардың семинарларына қатысу арқылы жүзеге асырады. Кафедра қызметкерлері импакт-факторы жоғары журналдарда мақалалар дайындау және жариялау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Педагогика және психология кафедрасында ғылыми проблемалық топтар жұмыс істейді. Жыл сайын «Алтынсарин оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі, тәжірибелі педагогтар мен педагог- психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен, студенттер мен магистранттар психология және педагогика саласындағы республикалық пәндік олимпиадаларға қатысады. 6В011-Педагогика ғылымдары бағытындағы студенттер үшін арнайы «Педагогика және психология: студенттік жастардың көзқарасы» атты ғылыми-студенттік конференция ұйымдастырылады.

Кафедраның материалдық қамтамасыз етілуі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді.

Студенттер мен магистранттардың қарамағында арнайы жабдықталған кабинеттер мен зертханалар бар:

Ы. Алтынсарин атындағы педагогика бойынша әдістемелік кабинет және үш мың данадан астам оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми мерзімді басылымдардың кітап қорымен заманауи арнайы әдебиеттерді қамтитын психологиядағы компьютерлік-әдістемелік зерттеу кабинеті;

Компьютерлік психологиялық-педагогикалық диагностика зертханасында қажетті ғылыми-практикалық дағдыларды, компьютерлік диагностикалық бағдарламаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы жабдықтар бар;

Практикалық психология мен педагогика кабинеті жеке әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық кеңес беру, психотерапия, психологиялық-педагогикалық түзету сессияларын, сондай-ақ психо-профилактикалық сабақтар өткізуге арналған, жабдықтар кешенді аудиовизуалды ынталандыру әдісін қолдануға мүмкіндік береді;

Оқушылардың өзін-өзі тану дағдыларын дамытуға, бітімгершілік әңгіме жүргізуді және мектептегі медиация негіздерін үйренуге арналған өзін-өзі тану және медиация зертханасы;

Инновациялық педагогикалық тәжірибені таратуға және білім беру мекемелерімен өзара әрекеттесуге арналған, онлайн режимінде ашық сабақтар өткізуге, білім берудегі инновацияларды енгізу бойынша шеберлік сыныптарына арналған кабинет.