Раисова Гульшат Тлеубаевна
Аға оқытушы Лауазымы
Білім
- 1995-1999 жж. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Экономика-математикалық факультеті, мамандығы — Математика, біліктілігі-математика және информатика пәндерінің оқытушысы.
- 2020-2024 жж. Г.И. Носов атындағы Магнитогорск техникалық университетінің "Педагогикалық білім беру" бағдарламасы бойынша "Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі" бағыты бойынша аспирантурасы.
Оқытылатын пәндер
- Математикалық логика және дискретті математика
- Алгебралық, планиметриялық және стереометриялық есептерді шеу практикумдары
- Мектептегі оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері
- Элементар математика
Жұмыс тәжірибесі
- 2002-2011 жж. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті математика кафедрасының аға оқытушысы.
- 2011-2013 жж. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы.
- 2014-2015 жж. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" ММ бас маманы.
- 2015-2018 жж. Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" ММ әдіскері.
- 2018 ж.-қазіргі уақытқа дейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.
Кәсіби біліктілікті арттыру туралы куәліктер/сертификаттар
- 2019 ж. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде әзірленген профессор-оқытушылар құрамының қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары (232 с.), ЦПМ НИШ.
- 2020 ж. "Оқыту ортасының белгісіздігі жағдайында ПОҚ-ның арнайы дағдыларын дамытудың онлайн бағдарламасы" қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары (72 с.).
- 2020 ж. "Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау " қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары (72 с.).
- 2020 ж. "Эдвайзерлер мектебі" ҚӨУ біліктілігін арттыру курстары (72 с.).
- 2021 ж. Витовт Великий университетімен (Литва) бірлесіп ҚӨУ біліктілігін арттыру курстары- "Қазіргі заманғы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" (72 с.).
- 2024 ж. "Жоғары кәсіби интеграцияланған инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың практикалық моделі " Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ біліктілігін арттыру курстары (72 с.).
- 2024 ж. " Ғылым және білім: дәстүрлер, жаңа міндеттер, шешімдер" Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ біліктілігін арттыру курстары физика-математика ғылымдарының докторы П.Эндерспен бірлесіп (72 с.).
Марапаттар мен сыйлықтар
-
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті ректорының грамотасы.
Қызмет көрсету саласындағы қызмет
- Қазан 2021 ж. "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны үшін тест тапсырмаларының сарапшысы ретінде уақытша жұмысқа қабылданды.
- Қаңтар 2021 ж. Математикадан облыстық оқушылар олимпиадасының қазылар алқасының мүшесі.
- 2020-2021 ж. Оқу жылы - Абай атындағы ҚазҰПУ базасында ҚР БҒМ РУМС "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесі.
- Қараша 2021 ж. Математика бойынша оқушылардың ғылыми жобаларының облыстық байқауының қазылар алқасының мүшесі.
- Қазан 2022 ж. "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны үшін ТжКБ ҰБТ тест тапсырмаларын құрастырушы.
- Қараша 2022 ж. "Зерде"математика бойынша оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының облыстық байқауының қазылар алқасының мүшесі.
- Маусым 2024 ж. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша ҰБТП апелляциялық комиссиясының сарапшысы.