Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасындағы ғылымның дамуы
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы білім беру үдерісіне озық зерттеулер мен инновациялық тәсілдерді енгізе отырып, ғылыми қызметті белсенді дамытуда. Кафедра оқытушылары жоғары өнімділікті көрсетеді, сондай-ақ студенттерді ғылыми жобаларға белсенді тартады, бұл олардың кәсіби және зерттеушілік өсуіне ықпал етеді.
Кафедрада бірнеше ғылыми жобалар сәтті жүзеге асырылуда:
- Көптілді білім беру ортасы жағдайында болашақ педагогтардың мәдениетаралық қарым-қатынасын қалыптастыру (2017-2020).
- Бала дамуының жеке траекториясы мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде (2019-2021).
Жариялау белсенділігі:
Кафедраның ПОҚ тұрақты түрде оқу құралдарын, монографияларын шығарады, ғылыми журналдарда жарияланып тұрады. Сонымен, 2023 жылы профессорлық-оқытушылар құрамы 29 ғылыми мақала жариялады, оның ішінде біреуі халықаралық Scopus деректер базасында және екеуі КОКСНВО ұсынған басылымдарда.
Біздің студенттердің табыстары мен жетістіктері:
- Бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша Бүкілресейлік студенттер олимпиадасы: 8 жүлделі орын.
- Өлкетану математикалық есептерінің халықаралық студенттер сайысы: 7 жүлделі орын.
- Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы: 1, 2, 3 орындар.
- Педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі: 1 орын.
2023-2024 оқу жылында кафедра оқытушыларының жетекшілігімен 24 студент өздерінің ғылыми мақалаларын жариялады. Кафедраның 39 студенті Республикалық және Халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар байқауларына қатысып, мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Стартаптар мен инновациялар:
- 3 курс студенті Сатаева М. стартаптар байқауында 2-ші орынды иеленді.
- 4 курс студенті Казез Думан "Kinder VR" жобасымен университетішілік стартаптар байқауында жеңіске жетіп, 2-ші орынды иеленді.
- 2 курс студенттері Сәлімгереев Дамир, Кеулемжаева Аружан және Папаева Любовь «Живые резюме» жобасы үшін 3 дәрежелі диплом алды.
- 2 курс студенттері Дмитриенко Яна мен Туркенова Карина «Лепка kids» жобасы үшін 1 дәрежелі дипломдар алды.
Ғылыми және білім беру іс-шаралары:
Кафедра ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға және озық педагогикалық тәжірибені жинақтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады:
- «Үйретуді үйрен» лайфхактары.
- Meetup «Білім беру бағдарламалары сұранысқа ие мамандарды даярлаудың шарты ретінде».
- Әдістемелік идеялар аукционы.
- Колледж студенттеріне арналған педагогика бойынша конкурстар мен олимпиадалар.
- «ҚР Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ББҰ-ның бәсекеге қабілетті маманын даярлаудың тиімді тәсілдері» Халықаралық конференциясы.
- «Білім беру бағдарламалары сұранысқа ие ББҰ-ның мамандарын даярлау шарты ретінде: тәжірибе және перспективалар» брифингі. т. б.
Халықаралық ынтымақтастық:
Кафедра оқытушылары мен студенттері халықаралық академиялық ұтқырлыққа қатысады. Мысалы, Ли Е.Д. және Капитан У.В. Ресей студенттеріне арналған мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар курсын оқыды. Cонымен қатар кафедра ERASMUS KazDual бағдарламасының «Орта білім беруді жаңғырту» («Педагогикалық білім беруді күшейту») сияқты ірі халықаралық жобаларға қатысады.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және ғылыми жетістіктерді білім беру процесіне еңгізуге ұмтыла отырып, оқытушылар мен студенттердің ғылыми бастамаларын белсенді қолдауды жалғастыруда.