Skip to content

Педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасы

Соц.сети
Шалгимбекова Кенжегуль Сапышевна
Қауымдастырылған профессор (доцент) Лауазымы
Педагогикалық ғылымдарының кандидаты Ғылыми дәрежесі
Білім
  • 1988-1992 жж. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институты, Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі.
  • 2001-2003 жж. А. Байтұрсынов атындағы  Қостанай мемлекеттік университеті, қазақ филологиясы.
  • 2008 ж. 13.00.01 Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғау.
Оқытылатын пәндер
  • Педагогикалық акмеология
  • Жоғары мектеп педагогикасы
  • Дамытушылық оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
  • Зияткерлік дарынды білім алушылардың дамуын басқару
  • Психологиялық-педагогикалық негіздері дарындылықты дамыту
  • Тәрбиелік жұмыстың теориясы мен әдістемесі
Жұмыс тәжірбиесі
  • 1992 ж. Қостанай ауданының Краснопартизан орта мектебі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, Қазақ тілі мұғалімі.
  • 1994 ж. Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер үйі, әдіскері.
  • 2005 ж. «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №9 мектеп-бақшасы» ММ, директоры.
  • 2009 ж. «Челябі мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының Қостанай филиалы филология кафедрасының меңгерушісі, доцент.
  • 2018 ж. - қазіргі уақытқа дейін: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті: редакция алқасының хатшысы, «3i: intellect, idea, innovation – интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналының редакторы (КОКСНВО ұсынған тізбеге кіретін); Психология және педагогика кафедрасының доценті, Педагогика, Психология және арнайы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Кәсіби біліктілікті арттыру туралы куәліктер/сертификаттар
  • «ЖОО оқытушыларының "Soft skills": тиімді әмбебап дағдыларды дамыту» , 202ж. 01.11. -2023 ж. 23.11., 72 сағ., Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті
  • «Білім беру қатынастарының негізгі қатысушыларының өзара әрекеттесу жүйесіндегі жеке әлеуетті дамыту: білім беру ұйымдарының педагогикалық командаларын оқытудың әдістемесі мен технологиясы», Мәскеу қ-сы, 2024ж. 12.02. – 2024ж. 07.03. Мәскеу қалалық МГПУ университеті, 144 сағ.
  • Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен оқытушының жұмыс технологиялары, 72 сағат, 2024 жылғы 15 мамырдан 19 маусымға дейін, ЮУрГУ, Ұлттық зерттеу университеті.
  • Қазіргі білім беру зерттеулері: жағдайы, сын-қатерлері және даму перспективалары, 72 сағат, 2025 жылғы 8–19 қыркүйек, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті.
Қызмет көрсету саласындағы қызмет
  • Республикалық ғылыми жұмыстар мен зерттеу жобалары конкурсының қалалық және облыстық кезеңдерінің қазылар алқасының мүшесі.

Монографиялар
  • 2011 ж. Қазіргі педагогикалық кеңістіктегі тұлғаны әлеуметтендіру траекториялары (Ұжымдық монография), Қостанай: "Перспектива"ҰБО.
  • 20216 ж., 2021 ж. «Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы мен болашағы (Қостанай облысының материалдары бойынша)", облыс әкімінің редакциясымен.
  • 2025 ж. Патронаттық отбасылардағы жетім балаларды сүйемелдеудің теориясы мен практикасы: әлеуметтік-педагогикалық аспект. – Қостанай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ. – 112 б.

Жарияланымдар

  • 2023 How the teacher 's choice of e-textbook affects the primary school students' performance? / Education and information technologies. Innovative teaching technologies in higher education: efficiency and student motivation. - Cogent Education, 2024. - https://doi.org/10.1080/2331186X.2024.2425205.