Тәрбие жұмысы шет тілдері кафедрасы мен университеттің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Кураторлардың тәрбие жұмысының жоспары Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт отырысында бекітілген. Тәрбие үдерісінде әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады: жеке әңгімелер, ата-аналармен кездесулер, жоғарғы курс студенттерінің бірінші курс студенттерімен тәжірибе алмасуы.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кураторлардың рөлі ерекше маңызды. Мысалы, кураторлар топтарда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өткізеді:
- идеологиялық және азаматтық-патриоттық тәрбие;
- адамгершілік-құқықтық және отбасылық тәрбие;
- еңбек және кәсіби қызмет мәдениетін тәрбиелеу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын және экологиялық мәдениетті дамыту;
- этикалық, эстетикалық мәдениет, тұрмыс және бос уақыт мәдениетін тәрбиелеу.
Сонымен қатар, кураторлық сағаттарда академиялық адалдық саясаты, ПОҚ пен студенттердің корпоративтік этика кодексі, ағымдағы үлгерім және сабаққа қатысу мәселелері талқыланады.
Оқытушылар мен студенттер «Денсаулық күні» іс-шарасына, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертке қатысады; Орыс драма және қуыршақ театрына, Қазақ драма театрына, Облыстық өлкетану музейіне барады; діни төзбеушіліктің алдын алу шараларына қатысады; Л. Толстой атындағы облыстық кітапхана өткізетін іс-шараларға белсене қатысады.